«Бизнес және құқық» факультеті
45 жылдық тарихы бар, Маңғыстау аймағындағы көпсалалы жоғары оқу орны, академик Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті отандық білім жүйесінде өз орны мен дәстүрі бар, өңірдегі жоғары білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығына айналған білім ордасы. Осы білім ордасының ірі факультеттерінің бірі – Бизнес және құқық факультеті.
Биыл факультеттің құрылғанына 20 жыл толады. Тарихқа көз салатын болсақ, 1992 жылы ең алғаш «Атом-энергетикалық» факультеті ірге тасын қалады. Факультет құрамында «Экономика, басқару және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру» кафедрасы жұмысын атқара бастады. Факультет деканы қызметін профессор Н.Р. Садыков, кафедра меңгерушісі қызметін э.ғ.к, доцент Г.М. Осипова атқарды. Кафедраның алғашқы құрамында Г.М. Осипова, Н. Ахметов, Глушков А., Давлетова Г., Джолдасбаева Г., Аккайсиева А., Саханова К., Л. Юрина және т.б. қызмет атқарды.