«Бизнес және құқық» факультетінде «Адалдық сағаты» өтті

Аталған шараға факультеттің барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс білім алушылары қатысты. Адалдық сағатында: Қазақ халқының көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткері, отызында халыққа танылып, қырық жасында орда бұзып қазақ зиялы қауымының көсемі болған, өмірінің барлық саласында өз болмысын таныта алған Шахмардан Есеновтың есіміне арналған адалдық сағаты өтті.

Адалдық сағатына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Г.У Джолдасбаева және «Саналы ұрпақ» клубы жетекшісі Г.Қ. Изтурганова қатысып, студенттерге Академиялық адалдық кодексі,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Саналы ұрпақ» клубының алдағы жоспарларымен таныстырды. Студенттер де тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, қажетті жауаптарын алды. Жаңа оқу жылында табалдырығымызды енді аттаған жаңа білім алушыларымызға сәттілік!

Leave a Reply