«Біз нашақорлыққа қарсымыз!»

20 қыркүйек 2023 жылы Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті, «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Г.Б.Шахаеваның ұйымдастыруымен «Құқықтану» мамандығының 3,4 курс білім алушыларымен  «Нашақорлыққа қарсы есірткі бизнесіне қарсы күрестің «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты  профилактикалық кездесу өткізілді. Шараға  Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысна қарсы іс-қимыл басқармасы және облыстық психикалық денсаулық орталығы уәкілдерімен жүргізілді. Кездесуге облыстық полиция департаменті ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полиция капитаны А:Әмірғалиева, «облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры М.Токанов және «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының жетекшісі Р.Уразимбетов, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Е.Урханов қатысты. Шараның нақты мақсаты – жастарды әлемді алаңдатып отырған есірткі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескере отырып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуға тәрбиелеу.

Осы бағытта спикерлер жастарды дұрыс жолды ұстанып, спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды және студенттердің тарапынан сұрақтарына жауап берді.

Leave a Reply