«Ғылым — Маңғыстау өңірінің тұрақты дамуының негізі»

12-сәуір ғылым күніне орай ұйымдастырылған «Ғылым — Маңғыстау өңірінің тұрақты дамуының негізі» атты ғылыми апталықтың қорытынды отырысы өтті. Ғылым қызметкерлері күніне орай университетіміздің ғалымдары бірнеше марапатқа ие болды.

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімі Н.Ноғаевтың Алғыс хатымен – «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.И. Естурлиева, Ғылым күніне орай университеттің ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Ректордың Құрмет грамотасымен – «Менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, э.ғ.к., Г.Б Бермухамедова, Университеттің ғылым саласын дамытуға қосқан зор еңбегі үшін Ректордың Алғыс хатымен – «Құқықтану»  кафедрасының профессор ассистенті К.Е. Утебалиева марапатталды.

Leave a Reply