«Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен қоғамдағы сыбайлас

«Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, мемлекеттік басқару институтына ел сенімін арттыру, отбасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, ажырасу, құқық бұзушылықтар сияқты жат әдеттермен күресу мақсатында «Отбасылық құндылықты қалай сақтаймыз?» атты дөңгелек үстел өтті. Тақырып барысында факультет деканы А.И.Омарова білім алушыларға осы жағымсыз құбылыстардың себеп-салдарын анықтап, алдын алу, отбасылық құндылықтар сапасын арттыру, адалдыққа тәрбиелеу бағытында және білім алушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Leave a Reply