«Шекарасыз ғылым»

12.04.23 күні «Ғылым – Маңғыстау өңірінің тұрақты дамуының негізі» ғылыми апталықтың аясында «Бизнес және құқық» және «Туризм және тілдер» факультетінің ұйымдастыруымен  «Шекарасыз ғылым» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Сайысқа қатысушылар 3 тур бойынша жарысады. Бірінші тур — ұсынылған фото бойынша «Маңғыстау – маңғаз өлкем» атты өлкеміздің танымал жерлерін фотодан тауып, қысқаша сипаттама беру, екінші тур – интерактивті нысанда: интеллектуалды сұрақтар ұсынылады, соған жауап беру және  команда капитандарына тапсырма беріледі соны жылдамдықпен орындап шешу. Қорытынды бойынша  «SMART» командасы «Бизнес және құқық» факультеті 50 000 теңге, «Дарабоз» тобы «Ғылым және технологиялар» факультеті 30 000 теңге, «Explorers» тобы «Инжиниринг» факультеті 20 000 теңге  ақшалай сыйақымен және дипломдармен марапатталды.

Leave a Reply