10.04.23 жылы «Бизнес және құқық» факультеті ұйымдастыруымен «Ұранды ертең – ұрпағы қайсар» атты шара өткізілді. Шараның мақсаты ержігіттің бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептіліктің, білімділіктің, өнердің және өз бойындағы жан — жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, білім алушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.