Мақсаты:
Дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын, оның ішінде қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге ықпал ететін медиация институтын жан-жақты дамыту және табысты енгізу жөніндегі бірлескен іс-шаралар.
Татуластыру рәсімдерінің негізгі міндеті-тараптарды келісімге келтіру. Медиатор тараптарға өзара тиімді шешім табуға көмектеседі.
Оқу орталығы бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша оқу тәжірибелік сабақтарын өткізуге және дауды соттан тыс шешудің артықшылықтарына арналған.
Білім беру жұмысы:
— Студенттердің жобалау қызметінің әдістемесіне басшылық ету;
-Оқу-әдістемелік материалдарды, білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
-Маңғыстау облысының медиация орталығымен және білім беру мекемелерімен тәжірибе алмасу.
— Кәсіби медиаторлардың қатысуымен қонақ дәрістерін ұйымдастыру және өткізу;
Ғылыми-зерттеу жұмысы:
— Даулы жағдайларды бейбіт жолмен шешу мақсатында қоғамның барлық салаларында медиация институтын танымал етуге бағытталған іс-шаралар өткізу.
— Семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, ғылыми конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
-Ғылыми-зерттеу материалдарын дайындау және жариялау (мақалалар, монографиялар);
-Ғылыми-консультациялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.