«Адам құқығы – ең қымбат қазына»

27.04.23 күні «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтар, отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, гендерлік теңдік қағидаттарын сақтауға қатысты «Адам құқығы – ең қымбат қазына» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Ж.Қ. Қыпшақбаева мен адам құқықтары өкілдіктің бас маманы А.Тыныштықова арнайы шақырылды.

Білім алушылармен кездесудің негізгі мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ақпараттық жұмыс жүргізу және қоғамдағы ер азаматтарды отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған субъектілерді жүзеге асыратын дұрыс көзқарас пен өзара қарым-қатынас мәдениетінің әдістерімен таныстыру болып табылады, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою.

Кездесудің қорытындысы бойынша профилактикалық сипаттағы мәселелер, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың пайда болу себептерін анықтау мәселелері талқыланып, анықталды, зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ақпарат берілді.

Leave a Reply