«Ана бақыт ана деген ақ арман, ана бізге бақыт үшін жаралған» атты поэзиялық кеш өтті

«Ана бақыт ана деген ақ арман, ана бізге бақыт үшін жаралған» атты поэзиялық кеш өтті

«Бизнес және құқық» факультетінің «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Тасболатованың ұйымдастыруымен «Ана бақыт ана деген ақ арман, ана бізге бақыт үшін жаралған» атты поэзиялық кеш өтті. Кеш барысында ана туралы өлеңдер оқылып, әндер айтылды. Тақырыпқа орай сахналық көріністе қойылды. Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Студенттер ән айтып, ана туралы көрініс қойды. Поэзиялық кеш жоғары деңгейде өтті.

Leave a Reply