31.03.2023 жылы Маңғыстау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Бисенгалиев Бекнур Ермекович және Маңғыстау облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Имагамбетов Кайсар Замзамулы қатысуымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» атты кездесу өтті. Кездесу барысында қонақтар жеке сот орындаушылардың мәртебесі туралы және сот орындаушылардың құқығы мен негізгі қызметтерін атап өтті. Кездесу барысында білім алушылар атқарушылық іс жүргізу, жеке сот орындаушыларының мәртебесі және қазіргі уақыттағы өзектілігі жоғары алимент өндіруге қатысты сұрақтарына жауаптар алды.