МВA және ЕМBA бағдарламасының магистранттарының шет елдік тағылымдамасы

Ғылыми-зерттеу жұмыстар

2020 жылдың 6-25 қаңтары аралығында МВА және ЕМВА бағдарламасының тыңдаушылары Стамбул қаласында (Түркия мемлекеті) шығу модулінде болып келді.
Үш апталық шығу модулі халықаралық бағдарламалардың ажырамас бөлігі болып табылады және қазіргі заманғы халықаралық менеджмент саласында жаңа білім алуға және біздің еуропалық серіктестеріміздің тәжірибесін алуға бағытталған.
МВА және ЕМВА тыңдаушылар тобы Yildiz Technical University профессоры Murat Chemberzi курсын «An introduction to Business» ағылшын тілінде тыңдады, бұл бизнесті жүргізудің еуропалық моделінің практикалық негіздерімен, сондай-ақ бизнесті жаһандық деңгейде жүргізу стандарттарымен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар тыңдаушылар Стамбул қаласында орналасқан Стамбул сауда палатасы (Istanbul Chamber of Commerce) орталығына барып, Түркия мемлекетінде сауда операцияларының  жүргізілуін және өзге мемлекеттермен экономикалық, сауда байланыстары туралы ақпарат алды.
Бағдарлама тыңдаушылары Seze Tekstil, MTN Kalip Sanayi Limited Sikerti, Technopark Yildiz Technical University компанияларына барып, өндіріс орындарымен танысты. Әркімнің өндіріспен танысуға, сұрақтар қоюға, қызметкерлермен сөйлесуге мүмкіндіктері де болды.

Leave a Reply