16 қараша 2022 жылы Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен “нотариат және адвокат өкілдерімен кездесу» атты шарасы өткізілді.
Кездесу барысында Маңғыстау облысы әділет департаментінің бас маманы- Бердиев Абылай Азидоллаұлы, Маңғыстау облысының әділет департаменті бас маманы Нұрғалиев Сұңғат Маратұлы, Маңғыстау облысы адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат- Айжарикова Айгуль Омурбековна және Маңғыстау облысы нотариаттық палатасының мүшесі, нотариус – Бимембетова Гулфайрус Асанқызы білім алушылар алдында кәсіптік тәжірибесімен бөлісіп, болашақ бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар берді. Шара соңында сұрақ-жауап айдары өтіп, білім алушылар өз сауалдарын қойды.