«Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Әлемнің мәні – әйелде» атты концерттік бағдарлама өтті. Факультетіміздің оқытушылары мен сымбатты қыздарына арнаған мерекелік кешімізде әндер айтылып, би билеп, домбыра тартылып, тақырыпқа қатысты өлеңдер оқылды. Көктемнің ең әдемі, ең шуақты аналар күні қарсаңында әйел қауымын қуанту барша ер азаматтың міндеті. Осыған орай факультетіміздің азаматтары өздерінің шағын мерекелік кешін жоғары деңгейде атқарды.