Құрық теңіз портына саяхат
2019 жылдың 12 қыркүйегінде «Бизнес және құқық» факультетінің «Халықаралық қатынастар және туризм» мамандығының 4 курс студенттері Құрық теңіз портына барды. Халықаралық қатынастар студенттері теңіз портының жұмысымен алғаш рет танысты, негізгі өндірістік нысандарды аралап көрді. Болашақта біздің университет пен Құрық теңіз порты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда, соның негізінде ынтымақтастықты кеңейтіп, студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыруға мүмкіндік туады.