10.04.23 жылы «Бизнес және құқық» факультеті ұйымдастыруымен «Қыздар, қыздар сұлу қыздар» атты білім алушы аруларымыздың арасында байқау өтті.
Байқау мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс – қимыл, жүріс – тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс – әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.
Байқауға қатысқан қыздарымыз 5 кезең бойынша бақтарын сынап, өнер көрсетті. Сонымен қатар өз қолдарынан шыққан бұйымдарымен таныстырып, қазақи киім үлгіде сахнада сән көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Құқықтану мамандығы 1 курс студенті Темір Гүлжайна бас жүлдеге ие болды.