Студент жастардың бизнес қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Training for business» онлайн семинары өтті.

Студент жастардың бизнес қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Training for business» онлайн семинары өтті.

22.04.2020 күні «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен студент жастардың бизнес қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Training for business» онлайн семинары өтті. Семинардың мақсаты — кәсіпкерлікпен айналысатын жастардың үлесін ұлғайту, өңірді дамытуға арналған жобалар мен таныстыру, жастардың инновациялық жобаларды іске асыру үшін бағыт-бағдар көрсету.

​        Семинарға факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен профессорлық оқытушы құрам және студенттер, қызығушылық танытқан басқа да қалалардағы әріптестер қатысты. Онлайн семинардың спикерлері: Шахина Жанар Нуржанқызы — QazTech Ventures» АҚ, Инновациялық сервистерді дамыту департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы, тақырыбы: «Инновациялық экономика және технологиялық кәсіпкерлік», Айтжанова Аққу Турашқызы — Маңғыстау облысының «Атамекен» өңірлік кәссіпкерлер палатасы, «Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы, тақырыбы: «Маңғыстау облысында жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету», Қосмағанбетова Гулжазира Нагметқызы — «Каспий кәсіпкерлік орталығы» координаторы, Ғылым және кәсіпкерлік бөлімі маманы, тақырыбы: «Студенттік кәсіпкерлік: Каспий кәсіпкерлік орталығының мүмкіндіктері».

​      Онлайн семинар жоғарғы деңгейде өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, қызығушылық танытылды. Барлық сұрақтарға спикерлер толыққанды жауаптар берді.

Leave a Reply