Барлық жеңістер өзін жеңуден басталады!

Бұқаралық дене шынықтыру-спорттық және сауықтыру жұмысы студенттердің дене тәрбиесінің маңызды бөлімі болып табылады. Дене жаттығуларымен, спортпен және туризммен өзіндік сабақтар, сондай-ақ дене шынықтыру-спорттық іс-шаралар студенттердің, аспиранттардың, оқытушылар мен қызметкерлердің тек жоғары оқу орнында ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде өткізілетін сауықтыру, дене шынықтыру және спорттық іс-шараларға қатысуын едәуір кеңейтеді. Дене тәрбиесі кафедрасының жұмысында әртүрлі секциялардың оқу-жаттығу жұмыстарыда өзіндік  үлкен орын алады.

Спорттық үйірме жұмысының негізгі бағыттары: сауықтыру (денсаулықты нығайту), білім беру (арнайы дағдыларды меңгеру) және диагностикалық (денсаулық деңгейін және дене сапасын бағалау) болып табылады.

Үйірме сабақтары келесі міндеттерді шешеді: дене тәрбиесі үдерісін жетілдіру; жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу үрдісін жетілдіру; салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру; дене шынықтырумен және спортпен өз бетінше айналысуға баулиды.

Университет спорттық-бұқаралық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті базаға ие. Олар: 2 спорт залы, жаттығу залы, 1 күрес залы, жүзу бассейні, футбол ойнауға арналған спорт алаңы, теннис залы, бокс залдарымен қамтылған.

Футбол

Біз әр түрлі деңгейдегі футболшылардың футбол алаңдарында жарқырап, өз командасын жеңіске жетуіне барлық жағдай жасаймыз. Бізде тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс істейді, сонымен қатар жатақханалар жанында да футбол алаңдары орналасқан.

Дәстүрлі футболды дамыта отыра, мини футболға да шақырамыз.

Футбол жарыстары жыл бойы тек студенттік ғана емес, сонымен қатар оқытушылар арасында да өтеді. Біз мұны қолдаймыз! Студенттік командалар арасында университет чемпионаты, сондай-ақ оқытушылардың қатысуымен матчтық кездесулер өткізіледі. Бұл бейресми қарым-қатынасты жолға қоюға мүмкіндік береді, бұл, әрине, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында анағұрлым нәтижелі байланыстарды орнатуға ықпал етеді.

Жаттықтырушы: Мамаев Сундеткали Хатарбаевич

Сейсенбі — 17.30-19.00

Бейсенбі — 17.30-19.00

Баскетбол

Баскетбол — мықты спорттық жаттығу құрамдасы, командалық рух, жеңіске деген құштарлық пен құмарлық үйлескен ойын. Бұл ойын үнемі ауысып отыратын қозғалыстарды талап етеді: жүгіру, күрт тоқтау, бағыттарды ауыстыру, секіру, т.б.

Ең бастысы, біздің тәрбиеленушілерімізден не күтеміз — бұл жаттығуларға қатысуға және ойнауға деген ниет.

Егер сен баскетбол ойнауды қаласаң, кел! Бізде әр түрлі деңгейдегі студенттер ойнайды. Тәжірибелі және көзге түскен ойыншыларды біз баскетболдан университет құрамасына ауыстырамыз.

Жаттықтырушы (қыздарға): Аракелян Гамлет Багратович

Жаттықтырушы (ұлдарға): Качеровский Ярослав Вячеславович

Сейсенбі — 16.00-19.00

Бейсенбі — 16.00-19.00

Бокс

Университетімізде тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс істейді, олар өз шәкірттерін жеңістерге жеткізе алады; сондықтан егер сен рингте өзіңді сенімді сезінгің келсе, саған лайықты қарсыласыңды тауып, сенің техникаңды жетілдіреді.

Біздің студенттеріміз бен түлектеріміз арасында біз мақтан тұтатын спортшылар бар: Әділбек Ниязымбетов, Бекзад Нурдаулетов, Айболды Дәуренұлы т.б. Біз сізді күтеміз, келіңіз, жаттығыңыз!!!

Жаттықтырушы: Альжанов Ерик Маликович

Сейсенбі — 16.00-19.00

Бейсенбі — 16.00-19.00

Волейбол

Волейболдың танымалдылығын түсіндіру қиын емес: өмірінде  доппен ойнамаған адамды табу қиын. Қайда болсада: ойын алаңында, аулада, мектепте, спорт залда — барлық жерде волейбол ойнауға болады, ойыннан ләззат алып, қуанышқа бөленеді.

Егер Сіз волейбол ойнауды қаласаңыз, келіңіз! Бізде әр түрлі деңгейдегі студенттер ойнайды. Тәжірибелі және көзге түскен волейболшыларды біз волейбол бойынша универ құрамасына ауыстырамыз.

Ешқашан алдыңызда Спорт әлемі қандай есіктерді ашатынын алдын ала білмейсің. Волейбол — бүкіл әлем бойынша танымал ойын; біздің командамызға қосылыңыз: мұнда спортпен және жеңіске ұмтылумен әуестенген жаңа сенімді достар табасыз.

Жаттықтырушы: Избасов Бекболат Джолдыбаевич

Сейсенбі — 16.00-19.00

Бейсенбі — 16.00-19.00

Зумба

ZUMBA бағдарламасы — бұл Латын Америкасы және басқа да халықаралық музыкалық стильдердің қозғалыстарын пайдалана отырып, латын стиліндегі би.

Ол динамикалық, қызықты, әсерлі және тиімді фитнес-жүйенің негізін құрайды. Зумба сабағы — денені жетілдіру және пішінде болуға мүмкіндік беретін жылдам және баяу ырғақтар үйлесімінде салынған; аэробты фитнес-сабақ бағдарламасы бұлшық еттерді нығайтуға арналған кардионагрузка мен жаттығулардың бірегей комбинациясын қамтиды. Біз сізді күтеміз, келіңіз және жаттығыңыздар!!!

Жаттықтырушы:

Сейсенбі

Бейсенбі

Йога

Сіз өзіңіз үшін көптеген сұрақтарға жауап таба алатын жаңа әлемді ашасыз!

Фитнес-йога-қазіргі уақытта ең танымал йога бағыттарының бірі. Адам ұзақ және бақытты өмір сүруі үшін оның денесі сау, ал ішкі жағдайы тыныш және бейбіт болуы керек. БІЗ СІЗДЕРДІ күтеміз, келіңіздер және жаттығыңыздар!!!

Жаттықтырушы:

Сейсенбі — 16.00-19.00

Бейсенбі — 16.00-19.00

Жүзу

Судың пайдасы бәріне белгілі: адам ағзасы гравитациядан «демалады»: омыртқаға түсетін ауырлықты азайтады; көңіл-күй жақсарады, тынығасыз. Бассейнге келіп, көңілді студенттік ұзақ сабақтардан кейін, жүзу-бұл жағымды және пайдалы!  Сіз жүзуден кейін мүлдем басқа адам сияқты өзіңізді сезінесіз: демалған, сергек, жинақылыққа баулиды.

Жаттықтырушы:  Кенжебеков Әділет Асқарбекұлы

Сейсенбі — 16.00-19.00

Бейсенбі — 16.00-19.00

Үстел  теннисі

Құрметті студент Үстел теннисін ойнауға келіңіз. Матч кезінде адам көптеген түрлі қозғалыстар жасайды: ол допты ұруда және қабылдауда, бүкіл денесімен үнемі қозғалыста болады. Себебі, үстел теннисі тез акробатикалық икемділікті қажет ететін ептілікпен, нақты қимылмен тез әрекет етуді қажет етеді. Ең қызығы: бір ойын барысында ойыншы 15-20 рет допты ұрады, 60-тан 150-ге дейін соққы жасайды, 15-20 рет жүреді және допты алу үшін еңкейеді.

 Жаттықтырушы: Бурбасов Еркин Кужакулович

Сейсенбі — 16.00-18.00

Бейсенбі — 16.00-18.00

ШАХМАТ

Біз сіздерді шахмат клубында көргенімізге қуаныштымыз, және әрқайсыңызға шеберлік деңгейіңіз бойынша, қызығушылықтарыңыз бойынша, әрине, жарыс үрдісі бойынша ұсынатынымыз көп. Қалағаныңыздың барлығы тек қана өзіңіздің дағдыларыңызды шыңдау, күрес пен жеңіс дәмін тамашалау үшін үйірмеге шақырамыз, себебі шахмат-бұл ғылым мен өнерді байланыстыратын ойын, нағыз спорт. Біз Сіздерді күтеміз, келіңіздер және жаттығыңыздар!!!

Жаттықтырушы:

Сейсенбі

Бейсенбі