Ғылыми-зерттеу жұмыстар

Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары өзекті және басым бағыттар бойынша жүргізіледі, ол экономикалық дамудағы, құқық саласындағы, туризмді дамыту, фискалдық органдар және т.б. түрлі мәселелерді шешуді қамтиды.   Факультет кафедраларының негізгі ғылыми-зерттеу  жұмыстарының бағыттары:

  1. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы;
  2. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік экономикасы;
  3. Сандық экономика;
  4. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының инновациялық әлеуеті;
  5. Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастардың жүйелі өзгеруі;
  6. Қазақстандағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің өзекті мәселелері;
  7. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың  негізгі бағыттары;
  8. Каспий маңы аймағы мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігіне заманауи қауіп-қатерлер.
  9. Маңғыстау облысының табиғи-рекреациялық ресурстары.

Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттің ҒЗЖ жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісінде пәндерді оқыту кезінде дәріс курстары мен практикалық сабақтарда қолданылады.

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы түрлі отандық, шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалар жариялап, конференцияларға қатысады. Ғылыми қызмет нәтижелері халықаралық және республикалық конференцияларда, конкурстарда, семинарларда баяндалады. Сонымен қатар, факультет оқытушылары «ҰҒТАО» АҚ-да тіркелген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) білікті мамандарды дайындаудың ажырамас бөлігі болып табылады. СҒЗЖ жүйесінің негізгі мақсаттары: әрбір студенттің жеке тұлғаның шығармашылық дамуына өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларды жасау және дамыту, студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастырумен және дамытумен білім беру, ғылыми және инновациялық процестердің бірлігін қамтамасыз ету. СҒЗЖ нысандары — ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу, ғылыми үйірмелерде жұмыс істеу, журналдар мен баяндамалар жинақтарына жарияланымдар дайындау болып табылады. Студенттердің ғылыми зерттеулеріне профессорлар, доценттер және кафедраның жетекші оқытушылары жетекшілік етеді.

СҒЗЖ жандандыру мақсатында факультетте «Табысты менеджер», «Экономикс», «Жас қаржыгер және бухгалтер», «Фемида», «Жас дипломат»   студенттік ғылыми   үйірмелері жұмыс жасайды.

СҒЗЖ белсендендіру конкурстарда, олимпиадаларда, конференцияларда және басқа да ғылыми шараларда жеңімпаздар санының артуына әкелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *