«Каспий аймағы: жаңа қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

«Каспий аймағы: жаңа қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

27.04.2020 күні Yessenov University-де «Бизнес және құқық»факультетінің ұйымдастыруымен  «Каспий аймағы: жаңа қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Каспий маңы аймағындағы ғылым мен білімнің басым бағыттары бойынша мәселелерді талқылау және талдау үшін алаң құру, тәжірибе алмасу, отандық және шетелдік зерттеушілер арасында ғылыми байланыстар орнату, сондай-ақ әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдау.

Онлайн конференциясының жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • Каспий елдерімен қаржы-экономикалық қатынастар және халықаралық ынтымақтастық;

–   Каспий маңы мемлекеттері ұстанымы үшін Каспий аймағының құқықтық мәртебесі;

  • Каспий аймағы: туризм, логистика және экономиканың даму перспективалары.

Халықаралық онлайн конференция жұмысына университеттің профессорлық-оқытушы құрамы, республика ЖОО-ның  ғалымдары, сонымен қоса жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары Himmet Karadal – Bolu Abant Izzet Baysal университетінің (Түркия) профессоры; Jalal Malakootifar – «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Вена университетінің түлегі (Австрия) (Ислам республикасы Иран); Тургаева А.А. – Астрахан Мемлекеттік техникалық университетінің доценті (Ресей); Dababrata Chowdhury – Sufflok университетінің (Ұлыбритания) профессоры қатысты.

Leave a Reply