Нұрым Дилшат Мусабекұлы

Нұрым Дилшат Мусабекұлы
«Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті
2017 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының №6 мектебін бітірді. Қазір Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «құқықтану» мамандығында оқиды.
2013 жылы 6-10 сәуір айы аралығында өткен 1999-2000 ж.т. жасөспірімдр арасындағы бокстан Батыс аймақтық Қазақстан біріншілігінде 1 орын иегері.
2014 жылы 15-18 қазан аралығында өткен  «Достық-Дружба» кубогы үшін  бокстан 1998-1999 ж.т. жасөспірімдер арасындағы XVII дәстүрлі халықаралық турнирінің 1 орын иегері.
2014 жылы өткен бокстан аға сержант Ифрат Бурабаевты еске алуға арналған Бүкілресейлік турнирінің 1 орын иегері.
1999-2000 ж.т. жасөсіпірмдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында 42 келі салмақ дәрежесі бойынша марапат иесі.
2015 жылы 25-28 наурыз айы аралығында өткен бокстан Әлем және Азия чемпионы Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған 1999-2000 ж.т. жасөсіпірмдер арасындағы VI халықаралық турнирде 52 кг салмақ дәрежесі бойынша 1 орын иегері.
2015 жылы 11-16 мамыр айы аралығында өткен Сидней Олимпиада ойындарының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері» Ділдәбеков Мұхтархан Қобыланбекұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы бокстан IV-ші халықаралық турнирінің 3 орын иегері.
2015 жылы 14-17 қазан аралығында өткен  «Достық-Дружба» кубогы үшін  бокстан 1998-1999 ж.т. жасөспірімдер арасындағы XVIII дәстүрлі халықаралық турнирде 2 орын иегері.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС жүлдесіне арналған 1999-2000 жылдары туылған жастар арасындағы бокстан халықаралық турнирде 56 кг салмақ дәрежесінде 1 орын иегері.
2017 жылы 18-21 қаңтар аралығында өткен бокстан Оренбург қаласының Солтүстік Әкімшілігінің жүлдесі үшін XXI Бүкілресейлік турнирінің жеңімпазы.
2017 жылы Қостанай облыстық бокс федерациясының вице-президенттері Орал және Қорған Айтеновтарды еске алуға арналған бокстан XVIII-ші дәстүрлі Халықаралық турнирінің 1 орын иегері.
2017 жылы 14-19 тамыз айында бокстан өткен халықаралық турнирде 64 кг салмақ дәрежесінде 2 орын иегері.
Бокстан XXVII-Олимпиада ойындарының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы XV халықаралық турнирде 56 келі салмақ дәрежесінде 3 орын иегері.
2017 жылғы 21 қыркүйектегі №256 бұйрық бойынша Бокстан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді.
2017 жылы 4-7 қазан аралығында өткен бокстан КСРО спорт шебері атанған тұңғыш қазақстандық, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған X-шы халықаралық турнирде 64 келі салмақ дәрежесі бойынша 2 орын иегері.
2018 жылы 8-9 желтоқсан аралығында өткен бокс жарысынан «Конфедерация Кубогы» турнирінің 1 орын иегері.
Yessenov University мәртебесін асқақтып, салауатты өмір салтын ұстанып, спорт саласында қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс хат иесі.

Leave a Reply