«Бизнес және құқық» факультеті
1992 жылы ең алғаш «Атом-энергетикалық» факультеті ірге тасын қалады. Факультет құрамында «Экономика, басқару және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру» кафедрасы жұмысын атқара бастады. Факультет деканы қызметін  профессор Н.Р. Садыков, кафедра меңгерушісі қызметін  э.ғ.к, доцент Г.М. Осипова  атқарды. Кафедраның алғашқы құрамында Г.М. Осипова, Н. Ахметов, Г. Давлетова, Г. Джолдасбаева, А. Аккайсиева, К. Саханова, Л. Юрина және т.б. қызмет атқарды.
1999 жылы факультет «Инженерлік-техникалық» факультеті болып өзгертілді. Факультет деканы қызметін  профессор Н.Р. Садыков атқарды. Экономика бағытындағы кафедралары  «Өндірісті ұйымдастыру және басқару» және «Экономика және менеджмент» болып екіге бөлініп, қайта құрылды.
2001 жылы «Экономика және менеджмент» кафедрасы мен Қазақ Академиялық университетінің Ақтау филиалының қосылуы нәтижесінде «Экономика және құқық» факультеті құрылды. Факультет деңгейінде «Экономика», «Менеджмент», «Құқықтану» кафедралары жұмысын атқарды. Ең алғашқы факультет деканы болып Джолдасбаева Г.У., деканның орынбасарлары болып Г.А. Саймағамбетова Г.А., Серсембаев М.тағайындалды.
2005-2012 жылдар аралығында факультет «Экономика және құқық» институты болып қайта құрылды. 2005 жылы факультет құрамында 5 кафедра  жұмыс атқарды: 1) «Экономика»; 2) «Менеджмент»; 3) «Қаржы және есеп»; 4) «Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер; 5) «Қылмыстық құқықтық пәндер» кафедралары.
2006 жылы «Қаржы және есеп» кафедарасы «Қаржы» және «Есеп және аудит» кафедрасы болып екіге бөлінді. Сонымен қатар, «Халықаралық қатынастар» кафедрасы ашылды.
2013-2018 жылдары «Экономика және құқық» институты «Экономика және құқық» факультеті болып қайта өзгертілді. 2018-2019 оқу жылынан бастап факультет атауы қайта өзгертіліп, қазіргі таңда «Бизнес және құқық» факультеті болып аталады және факультет деканы қызметін Г.У. Джолдасбаева атқарады. Факультет ұйымдық құрылымына  «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы», «Құқықтану», «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедралары жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *